Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Швейцария су мәселелері бойынша келіссөз жүргізді

2021 жылдың 30 қазан 2021 11:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Алексей Волковтың Швейцарияның су мәселелері жөніндегі Арнайы өкілі Ги Бонвинмен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыртқы саяси ведомство атап өткендей, тараптар Қазақстандағы су шаруашылығының қазіргі жағдайы, Орталық Азиядағы су саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы және халықаралық су күн тәртібіне қатысты мәселелерді талқылады.

Алексей Волков Орталық Азия елдерінің трансшекаралық суды пайдалану саласындағы қарым-қатынастарының дамуына ерекше назар аударды.

Ол су саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту ісіндегі Нұр-Сұлтанның белсенді ұстанымын, сондай-ақ осы бағыттағы қазақстандық басшылықтың күш-жігерін атап өтті.

Сонымен қатар, отандық дипломат өңірлік ынтымақтастықтың, соның ішінде су саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына Қазақстанда дамуға ресми көмектің ұлттық операторы болып табылатын жаңадан құрылған KazAID ұйымының рөлі мен әлеуетін атап өтті.




Швейцарияның Арнайы өкілі Орталық Азияда халықаралық су-энергетикалық консорциумды құру маңыздылығы атап өтті, бұл өз кезегінде өзара тиімді өңірлік ынтымақтастықтың жарқын мысалы болатын еді. Сондай-ақ тараптар ерекше ұйым болып табылатын және Арал теңізі бассейніндегі проблемаларды шешуде орасан зор әлеуеті бар Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметін жетілдіру бойынша Орталық Азия елдерінің күш-жігерін қолдады.

Кездесудің жеке тақырыбы «Blue Peace» бастамасы болды, ол бойынша швейцариялық тарап қысқаша шолу жасап өтті.

Халықаралық күн тәртібінің аясында тараптар жаһандық климаттық өзгерістер мәселелерін, Глазгода өтетін Климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына және 2022 жылы Дакарда өтетін Дүниежүзілік су форумына дайындық барысын талқылады.

Кездесу соңында тараптар екіжақты және көпжақты форматтарда Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастығын дамытуға деген өзара мүдделелігін қайта растады.


Жоғары қарай