Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Румыния сауда-инвестициялық әлеуетін ашу үшін жаңа қадам жасады

2020 жылдың 30 қазан 2020 16:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан-Румыния сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы тарихында алғаш рет отырыс видеоконференция форматында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Румыниядағы елшілігінің мәліметінше, отырыста Қазақстан тарапынан үкіметаралық комиссияға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, ал Румыния тарапынан сол елдің Энергетика және іскерлік орта министрі Вирджил-Даниэль Попеску төрағалық етті.

Келіссөз қорытындысында үкіметаралық комиссияның 15-отырысының хаттамасына қол қойылды. Құжаттың рәсімделуіне өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері бойынша белсенді түрде жүргізілген келіссөздер сеп болды.

Атап айтқанда, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, көлік және фармацевтика сынды басым бағыттарды жандару уағдаластығына қол жеткізілді.

Бұған қоса, сауда байланыстарын және өзара инвестиция тартуды белсенді түрде кеңейтудің айрықша маңыздылығы аталып өтілді.








Жоғары қарай