Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық қорық құрмақшы

2021 жылдың 10 мамыр 2021 12:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Қазақстанның биологиялық алуандығын сақтау бағытындағы шаралар туралы ақпар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Қазақстанның биологиялық алуандығын сақтау қауымдастығы Михаэль Зукков қорымен бірлесіп Орталық Азияның қоңыржай шөлдерін сақтауға бағытталған CADI жобасын іске асыруда», - деп жазды Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында.

Аталған ұйымдар Батыс Қазақстанда құрылған табиғи резерват пен Ресейдің Волгоград облысындағы «Эльтон көлі» биосфералық қорығының аумағын бірге қамтитын трансшекаралық биосфералық қорық құру жоспарын қолдауға дайын отыр.

«Табиғи резерват құрылғаннан кейін Ресей Федерациясымен трансшекаралық қазақ-ресей биосфералық қорығын құру бойынша келіссөздер басталады», - деп жазады Премьер-Министрдің орынбасары.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында Бөкейорда табиғи резерватын құру жобасы аяқсыз қалмайтынын мәлім еткен болатын.



Фото: pikabu.ru/anton_mostovenko

Жоғары қарай