Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Қазақстан мен Ресей депутаттары Астана процесінің рөлін талқылады

2019 жылдың 14 наурыз 2019 17:20

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Қазақстан мен Ресей депутаттары Сириядағы ахуалды реттеу мәселесінде Астана процесінің рөлін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің бүгінгі талқылау барысында міндетті түрде атап өтілуі тиіс бір тақырыпты қосқым келеді. Бұл тақырып Сириядағы ахуалға байланысты Астана процесі турасында болмақ. Атап айтқанда, қиын жағдайды реттеу шараларының ең күрделі кезеңінде Астана өзінің қолдауын көрсетті», - деді РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Константин Косачев.

Осы орайда ол Қазақстанның елордасы осыған дейін мазмұнды, конструктивті әрі тұрақты шешімдер дайындалатын алаң ретінде өзін таныта алғанын айта келе, алдағы уақытта да Астана осындай күрделі мәселелерде сенімді алаң болуға қауқарлы екенін атап өтті.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Сириядағы ахуалды реттеудегі Қазақстанның үлесін жоғары бағалаған әріптесіне алғысын білдірді.

«Сириялық бағыттағы ынтымақтастық өте маңызды сипатқа ие. Сіз Астана процесі жөнінде атап өттіңіз. Шынымен де Астана процесінің қосқан елеулі үлесін мақтан тұтамыз. Сонымен қатар біз сириялық мәселеде Ресейдің де рөлін жоғары бағалаймыз», - деді Дариға Назарбаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен жылдың соңында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері Сирия келіссөздерінде Астана процесін жоғары бағалаған еді.

Жоғары қарай