Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан мен Өзбекстанның сауда декларацияларында 9,8 млн долларға жуық сәйкессіздік анықталған

2020 жылдың 8 шілде 2020 16:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан кіріс органдары екі елдің кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға экспорттық декларациялардан алынатын мәліметтермен өзара алмасуды жүзеге асыруда, Бұл екі ел арасындағы сауда-саттыққа қолайлы жағдай жасау және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында жасалып отыр.

«Салыстырып тексеру ісі қиын емес. Ол фискальдық тәуекелдерді дер кезінде бағалауға көмектеседі және қазақ-өзбек шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлардың кедендік құнын төмендетіп көрсетуді анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, көліктердің жылдам өтуіне ықпал етеді», делінген Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті таратқан мәліметте.

Мәліметке қарағанда, 2020 жылдың 1 жартыжылдығында Өзбекстаннан келген 11 734 экспорттық декларациялардың мәліметін салыстырып, Қазақстанда берілген импорт бойынша 1036 кедендік декларацияда сәйкессіздіктер анықталған. Бұл ретте Мемлекеттік кірістер комитеті, тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізе отырып, кедендік құнын төмендетіп көрсетеу белгілері болған кезде, Өзбекстанға сұрау салады. Алынған жауаптың арқасында тауарлардың кедендік құнын қасақана төмендетіп көрсетумен инвойстар мен экспорт декларацияларын алмастыру фактілері анықталды.

«Мысалы, «Сарыағаш» (Өзбекстан) кеден бекеті арқылы жеке кәсіпкерлер жалпы салмағы 3,6 мың тонна және құны 920 мың АҚШ долларын құрайтын «көкөністер, жемістер» тауарын көрсеткен. Алайда құны 5 млн. АҚШ долларын құрайтын экспорттық декларациялар мен инвойстарды (Өзбекстан) салыстырып тексеру, 5 есе кемітіп көрсеткені белгілі болды. Бұндағы айырмашылық 4,1 млн. АҚШ долларға ауытқып тұр» делінген мәліметте.

2019 - 2020 жылдарында Комитет тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік құнды тексеру нәтижесінде 1,1 млрд. теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтарды есептеді. 32 іс қаралуда, олар бойынша құны 9,8 млн. АҚШ долларын құрайтын сәйкессіздіктер анықталды.


Жоғары қарай