Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан мен Өзбекстан «Орталық Азия» сауда орталығын ашады

2019 жылдың 3 қазан 2019 18:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Өзбекстан «Орталық Азия» сауда орталығын ашпақ. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында вице-министр атап өткендей, Орталық Азияда Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесі – Өзбекстан. Қазақстан қазіргі таңда Өзбекстанға құны 210 млн долларлық 70 тауар түрін шығара алады.

«Өзбекстанмен ынтымақтастық аясында «Орталық Азия» халықаралық экономикалық ынтымақтастық сауда орталығы жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Мерзім бойынша әзірге келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біз бірнеше рет келіссөз жүргізіп, осы халықаралық орталық орналасады-ау деген 5 орынды таңдап алдық. Халықаралық орталық Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұсақ көтерме және бөлшек сауданың жаңа форматын енгізуді, халықаралық туризмді дамытуды, логистикалық қызметтерді жетілдіруді және трансшекаралық іскерлік ынтымақтастық орнатуды көздейді», - деді вице-министр.

Қайрат Төребаевтың айтуына қарағанда, жоба аясында 10 мың жұмыс орыны ашылады. Ал сауда орталығы толыққанды пайдаға жараған уақытта жұмыспен қамтылғандардың саны 40 мың орынға дейін өсуі мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қайрат Төребаев Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ресей нарығына енген отандық компаниялар бетпе-бет келген проблемаларын айтқысы келе бермейтінін мәлім еткен еді.

Жоғары қарай