Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 18:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Заң, Өзбекстан,
Жоғары қарай