Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Өзбекстан 1-жартыжылдыққа жоспарланған шаралар кестесін қарастырды

2021 жылдың 18 ақпан 2021 16:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапармен келген Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастарды және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестікті тереңдетудегі өзара ықыласын растады. Олар аса жоғарғы және жоғары деңгейдегі байланыстардың одан әрі кеңейту маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар кездесуде 2021 жылдың бірінші жартысында жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды», - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінен.











Жоғары қарай