Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қазақстан мен Моңғолия сотталғандарды өзара беруге уағдаласты

2020 жылдың 26 мамыр 2020 12:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Моңғолия Сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев пен Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Луасан Баттулга 2018 жылғы 29 наурызда Қазақстанның елордасында жасалған Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасты.

Осы Шарттың 21-бабының 1-тармағына сәйкес, ол ратификациялау грамоталарымен алмасқан күннен бастап отыз күннен кейін күшіне енеді», - делінген министрлік ақпаратында.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, COVID-19 індеті төңірегіндегі ахуал тұрақталғаннан кейін бірқатар маңызды іс-шараларды өткізуге уағдаласқан.


Жоғары қарай