Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда балансы қай деңгейде

2021 жылдың 13 мамыр 2021 11:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналамының көрсеткіштері айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрліктен алған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 2020 жылы 2019 жылға қарағанда тауар айналымы 15,3 пайызға төмендеген. Экспорт 9,9 пайызға азайса, ал импорт 26 пайызға кеміген. Сауда балансы 20,6 млн АҚШ долларына өскен. Осы орайда сауда балансының өсімі немен байланысты?», - деп сұрады сенатор Бауыржан Қаниев.

Өз кезегінде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пандемия мен коронавирус дағдарысының салдары елімізге және көршілес мемлекеттерде экономикалық жағдайына әсер еткененін атап өтті.

«Жалпы, біздің экспортымыз да, олардан алып келетін импортымыз да төмендеді. Бірақ импорттың кемуі көбірек болды. Экспорт 62 млн долларға, ал импорт 92 миллионға қысқарды. Бұл өз кезегінде арамыздағы баланстың жақсаруына тікелей әсерін беріп отыр», - деді министр.

Осы орайда ол экспорт құрылымында бидайдың, темекі өнімдерінің, металл конструкциялардың жеткізілімі қысқарғанын айтты. Сонымен қатар импорт бойынша былғарыдан жасалған аяқ киім, сәндік косметика және басқа тауарлар азайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында ЕАЭО ауқымында Қырғызстанның экономикалық қатынасы туралы құжат қабылдады.


Жоғары қарай