Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Куба арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2021 жылдың 26 шілде 2021 14:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Канададағы және Кубадағы міндетін қоса атқарушы Елші Ақылбек Камалдиновтың Кубаның Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Марселино Мединамен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан – Куба екіжақты ынтымақтастығын одан әрі дамытудың жай-күйі мен басымдықтарын талқылады. Кездесу барысында тараптар елдеріміз арасындағы саяси диалогтың үдемелі сипатын атап өтті.

Елші сұхбаттасушысын Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырды.
Сонымен қатар, А. Камалдинов экономикалық өзара іс-қимылдың, оның ішінде фармацевтика және туризм саласындағы перспективалық бағыттарын белгіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан Қазақстанның саяси жүйесінің реформаларына ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде Министрдің бірінші орынбасары Елшіні елдегі қазіргі саяси және экономикалық жағдаймен таныстырды. Қазақстанның Кубаға қатысты бұлжымас ұстанымын қанағаттанарлықпен атап өтіп, дипломатиялық миссияның мәртебесін Елшілік деңгейіне көтергені үшін Қазақстан басшылығына ризашылығын білдірді.

Жоғары қарай