Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Әзербайжан медициналық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтты

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 15:06

БАКУ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Ұлттық курорттық қауымдастығы Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінің қолдауымен денсаулық сақтау саласында екіжақты байланысты одан әрі дамыту мақсатында Әзербайжан елінің А.Караев атындағы физиология институты және Нахичеван автономдық республикасындағы «Дуздаг» Физиологиялық орталығымен ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Меморандум мақсаты – медициналық туризм, санаторлық-шипажайлық емдеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту, жаңа медициналық-биологиялық және биомедициналық зерттеулер саласында тәжірибе алмасу, сауықтыру саласында бірлескен жобалар мен тренинг бағдарламаларын өткізу.

Бұдан басқа, қол қойылған құжаттар Қазақстан мен Әзербайжан арасында екі елдің шипажайларына емдеу-сауықтыру процедурасына баратын туристер ағынының көбеюіне септігін тигізеді.


Басты сөздер: Әзербайжан, Медицина, Туризм,
Жоғары қарай