Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы ағылшын тіліндегі кітап шықты

2020 жылдың 6 шілде 2020 17:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мерейтойына орай «Заманауи қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы (алғашқы қолдан)» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кітапта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының егемен Қазақстанның заманауи мемлекеттілігін бекіту мен нығайтудағы рөлі ашылған. Басылымда Елбасының басшылығымен елдің қалыптасу және даму процесі, мемлекеттік басқару институттарын құру мен жаңғырту кезеңдері айтылған. Қазақстан Республикасы Конституциясы негізінде қазақстандық қоғамның жаңғыртылуы жан-жақты қамтылған.

Кітаптың онлайн таныстырылымы салтанатына ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Асанов, ҚР Әділет министрі М.Бекетаев, ҚР Конституциялық кеңес мүшесі Ү.Шапақ, АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары И.Рогов қатысты.

Кітаптың ерекшелігі – оны құрастыруға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалған реформалар мен өзгерістерге тікелей қатысқан мемлекеттік және қоғам қайраткерлері атсалысты.

Шараға сонымен қатар Латвия Конституциялық сотының төрағасы И. Зиемеле, АХҚО ХТО Төрағасы Б.Доманн, АХҚО Академиялық кеңесінің мүшесі Әбдірайымов Б.Ж. және Ғылым академиясының тілтану мамандығы бойынша академигі Ш.Құрманбайұлы қатысты.


Жоғары қарай