Қазақстан Мальдивке тұрақты рейстер ашады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 4 қазаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы-Мале бағытында 4 тұрақты рейс ашады. Рейстерді Б767 және А321LR әуе кемелері орындайды.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бағыттағы ұшулар санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне байланысты қабылданады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Осыған дейін Қазақстанна Ресейге және Түркияға рейстер саны артатыны хабарланған болатын.