Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан КВИ-ге арналған тест өткізу саны бойынша әлемде 47-орында

2021 жылдың 10 қараша 2021 10:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан КВИ-ге арналған тест өткізу саны бойынша әлемде 47-орында. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде халықтың тестілеуден өтуге қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Зертханалардың қуаты тәулігіне 126 мың зерттеуден асып түседі. Зертхана санын 165-ке дейін арттыру есебінен тәулігіне 60 мың зерттеу жүргізіледі. Қазақстан коронавирус инфекциясына арналған тест өткізу саны бойынша әлемнің 22 елінің ішінде 47-орында тұр», - деді министр.

Осы ретте ол Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын «қызыл» аймақта қалып отырғанын айтты. Ал «сары» аймаққа Қарағанды, Ақмола облыстары және Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы кірді.

«Қазақстан және қалған 10 өңір «жасыл» аймақта тұр. Репродуктивтілік сан 0,90-ды құрайды. Толықтай алғанда, соңғы 2 айда Қазақстанда аурушаңдың 3,4 есе, өлім-жітім 4 есе төмендеді. 1 тамыздан республикада инфекциялық төсек-орындар жүктемесі 56-дан 30 пайызға, реанимациялық төсек-орындар 45-тен 26 пайызға төмендегені байқалады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар», - деді Алексей Цой.


Жоғары қарай