Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан көмірінен фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі

2021 жылдың 20 қазан 2021 14:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан көмірінен фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі. Бұл туралы Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көміріміз, әсіресе Шұбаркөл көмірі бәсекеге өте қабілетті. Одан фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі. Көмірдің аз жағылуына байланысты өндіріс көлемі қысқарған жағдайда көмір кеншілеріне не істеу керектігін ешкім айқан жоқ. Бізге көмір кеніштерінің төңірегіне инвесторлар келуі үшін еркін экономикалық аумақ құруға мүмкіндік беріңіздер», - деді ол елордада өтіп жатқан Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургиялық конгресі аясында ұйымдастырылған брифингіде.
Оның атап өтуінше, аталған еркін экономикалық аймаққа келген инвесторларға салықтан және одан басқа да жеңілдіктер беру қажет.
«Олар 5-10 жыл бойы салықты мүлдем төлемей-ақ қойсын. Бірақ, олар көмірімізден біз қазір сатып алып отырған химиялық және фармацевтикалық өнімдерді шығара бастайды. Біз қосылған құны біршама өнімдерді саудалайтын боламыз», - деді Николай Радостовец.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Энергетика,
Жоғары қарай