Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан көмірін экспортқа шығару үшін не істеу керек – сарапшы

2021 жылдың 20 қазан 2021 15:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан көмірін экспортқа шығару үшін темір жол секторында бәсекелестік жасау керек. Бұл туралы Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең бастысы темір жол секторында бәсекелестік жасау қажет. Өйткені, Қазақстан темір жолы - бұл тек үлкен компания ғана және барлық уақытта біздің жаңа әдістерімізде игере алмай жатады. Айталық, қазір бізде Еуропадағы жеткізушімен келісімшарт бар, ал бір айдан кейін басқа өңірден жеткізуші шықты делік. Ал ҚТЖ бізге жоспарлары бар екендігін, жеткізе алмайтындығын айтады. Қазақстанға бәсекелестік жасай алатын әрі тасымалдау бағасын төмендетуге қауқарлы ұтқыр жекеменшік тасымалдаушы қажет. Бұған қоса, жүктерімізді Ресей арқылы Еуропаға тасымалдай алу үшін «жасыл» дәліз керек. Және де бізге Ресей порттарында логистикалық ғимараттар салуға рұқсат міндетті түрде болуы тиіс», - деді ол елордада өтіп жатқан Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургиялық конгресі аясында ұйымдастырылған брифингте.

Оның түсіндіруінше, өйткені, Қазақстанның теңізге шығар жолы жоқ. Ал жүк тасымалында порттарда еліміздің логистикалық ғимараттарының болуы өте маңызды.

«Бізге Ресей арқылы көмір тасуға арналған бүгін бар да, ертең жоқ квота керек емес. Сұраныстағы қандай көлемдегі көмірді жеткізе алатындығымызға қатысты нық сенімділік қажет. Көмірімізді тек Еуропаға ғана жеткізгіміз келмейді. Украинадан да сұраныс жоғары. Қытай арқылы Азияға да шығарғымыз келеді», - деді Николай Радостовец.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Энергетика,
Жоғары қарай