Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді - Сенат Төрағасы

2021 жылдың 15 қазан 2021 10:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен 30 жылдың ішінде Қазақстан көптеген салада зор табыстарға қол жеткізді. Мемлекеттілігімізді құру мен нығайту үшін өте көп дүние жасалды. Бүгінде осы жылдардың ішінде Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасты деп толықтай сеніммен айта аламыз», - деді Сенат спикері Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде.

Оның айтуынша мемлекеттік басқару жүйесінде, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда да байыпты өзгерістер болады.

«Өзінің тұрақтылығы мен тиімділігін көрсеткен сыртқы және ішкі саясат моделі қалыптасты. Бұған қоса, қоғамның өзінде де сапалы трансформация орын алды. Реформалар парадигмалы әлеуметтік өзгерістерге сеп болды. Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді», - деді Мәулен Әшімбаев.


Жоғары қарай