Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Каспий теңізіндегі флотын күшейтеді

2020 жылдың 5 тамыз 2020 17:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Каспий теңізінде қазақстандық флоттың қатысуы 42 пайызға дейін жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 паром және 4 құрғақ жүк тасығыш сатып алу көзделіп отыр. Бұл жүк тасымалы көлемін одан әрі ұлғайтуға, сондай-ақ Каспий теңізінде қазақстандық флоттың қатысуын 42 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, апаттылықты 10,3 пайызға дейін төмендету және шлюздердің өткізу қабілетін жылына 4000 кемеге дейін жеткізу мақсатында кеме қатынасы шлюздеріне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, биыл аталған мақсаттарға темірбетон құрылымдарына және көтергіш жабдықтарға жөндеу жүргізу үшін 1,9 млрд теңге бөлінді.

«Осы жылдың 6 айында 1,2 млрд теңге немесе жылдық қаржыландыру көлемінің 65 пайызы игерілді», - деді Сайранбек Бармақов.


Жоғары қарай