Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан қанша мемлекетпен визасыз режим орнатты

2021 жылдың 28 желтоқсан 2021 18:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан қанша мемлекетпен визасы режим орнатқан? Бұл сұраққа ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің қызметкерлер көші-қон қызметін бақылауды жүзеге асыруда заң нормаларын қатаң ұстанады. Яғни ел азаматтарының ғана емес, сондай-ақ шетел азаматтарының да құқығы мен мүддесін қатар қорғайды. Бұл Қазақстанды әлемдік қоғамдастықта қауіпсіз ашық құқықтық мемлекет ретінде көрсетеді. Және еліміздің туристік ықпалын арттырып, инвестиция тарту мүмкіндігін кеңейте түседі. Бүгінде көші-қон процесі тез өзгеріп отырады. Дегенмен уақытылы қабылданған құқықтық-нормативтік заңнама оны реттеуге оң септігін тигізіп жатыр. Әлемдік көші-қонда біздің елдің геосаяси маңызы ерекше. Әсіресе мигранттар ағыны Орталық Азия елдері, Ресей мен Қытайға тиесілі», - деді Мұрат Баймұқашев ҚР Парламенті Мәжілісінде жасаған баяндамасында.

Вице-министрдің айтуынша, кейбір шетел азаматтары үшін Қазақстанға келуге виза талап етіледі.

«Бүгінде Қазақстан 73 мемлекетпен визасыз режим орнатты. Атап айтқанда, 19 мемлекеттің азаматы елімізге жалпыазаматтық төлқұжат арқылы келе алады. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері де бар. Ал 54 мемлекетпен біржақты тәртіптің негізінде визасыз режим орнатылды. Оның қатарына экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері жатады», - дейді ол.

Бұған дейін министр орынбасары шетелдік еңбек мигранттары есебінен ел бюджетіне 30 млрд теңгеге жуық қаржы түскенін мәлім еткен болатын.


Жоғары қарай