Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан қалаларында халықты жою пунктілері ашылып жатыр - фейк

2021 жылдың 30 қазан 2021 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазнет пайдаланушыларын 2GIS қосымшасында зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің пайда болуы алаңдатып жатыр. Кей адамдардың пікірінше, бұл зардап шеккендерге көмек көрсету үшін емес, «халықты концлагерьлер мен газ камераларында жою» үшін қажет. Бұл - жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті зардап шеккен халықты қабылдау пунктері не үшін қажет екенін түсіндірді.

– Зардап шеккен халықты жинау пунктілері 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 4-тармағына сәйкес ұйымдастырылды. Бұдан басқа, ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы №190 бұйрығының 5 – тарауына сәйкес зардап шеккен халықты қабылдау пункттері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезеңінде зардап шеккен халықты уақытша орналастыруды ұйымдастыруға арналған, мысалы, қар құрсауы, тұрғын алаптарын су басу қаупі, өрт, қирау және басқа жағдайлар», – деп хабарлады ведомстводан.

Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері, әдетте, қиын жағдайға тап болған адамдарды уақытша орналастыруға және ыстық шаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қонақ үйлерде немесе өзге де ұйымдарда орналасады.

Зардап шеккен халықты қабылдау пунктерінде ешқандай «газ камералары» жоқ.

Демек, бұл орындар адамдарды жаппай өлтіру үшін қажет деген ақпарат - фейк. Олар төтенше жағдайдан зардап шеккен адамдарға көмектесу үшін жасалған.


Басты сөздер: Фейк, Оқиға, Қоғам,
Жоғары қарай