Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан хоккейшілерінің әлем чемпионатындағы ойынын қайдан көруге болады

2022 жылдың 12 мамыр 2022 02:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының ойындарын қазақстандық қай телеарна көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі.

Қазақстан құрамасы А тобында сынға түседі .

Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.

Ойындар кестесінің көрсетілімі төмендегіше:

14 мамыр. 15:20. Дания – Қазақстан

15 мамыр. 19:20. Франция – Қазақстан

17 мамыр. 23:20. Швейцария – Қазақстан

19 мамыр. 23:20. Канада – Қазақстан

20 мамыр. 23:20. Казақстан – Словакия

22 мамыр. 19:20. Қазақстан – Германия

23 мамыр. 19:20. Қазақстан - Италия.

Қазақстандық хоккейшілердің бүкіл ойынын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Хоккей,
Жоғары қарай