Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан халқының 50 пайыздан астамы – 30 жасқа толмаған жастар - сарапшы

2022 жылдың 17 мамыр 2022 17:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың 50 пайыздан астамы жастар санатына жатады. Алдағы референдум кезінде олардың пікірі маңызды. Осы орайда ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының саяси реформаларды зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ермек Тоқтаров жастарды айтулы шараға белсене қатысуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5 маусымда өтетін референдум еліміздің болашағына қатысты. Ал болашақ қазіргі жастардың қолында. Қазақстан халқының 51 пайызы - 30 жасқа толмаған азаматтар. Осыған орай елімізде жүргізіліп жатқан және жүзеге асатын реформаларды қабылдауда жастардың пікірі маңызды. Жалпы еліміздегі қазіргі жастардың дені саясаттан аулақтау. Сол сияқты жастар бүгінде кез келген жайт бойынша ой-пікірін ашық әрі еркін жеткізе алады. Мемлекет басшысы жастар саясатына, яғни олардың ел өміріне араласуына ерекше мән беріп отыр. Оған дәлел - Президент жастар кадр резеврі жобасының іске асуы», - деді Ермек Тоқтаров орталық коммуникациялар қызметі алаңында сарапшылардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде.

Саясаттанушының пікірінше, отандық жастар референдумға қатысу туралы шешімін ой сүзгісінен өткізіп барып қабылдағаны жөн.

«Жастар еркіндікті қалайды. Ол саясат немесе басқа салаға қатысты болуы мүмкін. Осы орайда Қазақстанға саяси өзгерістер мен трансформация қажет деген жастар референдумға қатысып, таңдау жасай алады. Сондықтан да 5 маусым күні жастар қауымын тарихи шарада күтеміз. Жастарға өтініш, референдумға жай ғана қатысу үшін емес, елімнің болашақтағы саяси дамуына үлесімді қосамын деген ниетпен келсе екен», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 66,4 пайызы референдумға қатысатыны белгілі болды.


Жоғары қарай