Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Қазақстан халқына» қорына қаржы аударғанда неліктен комиссия ұсталады – агенттік жауабы

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 18:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына қаржы аударуда ұсталатын комиссия туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тілшілер «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына қаржы аударуда банктер неліктен комиссия ұстап қалатынын сұрады.

«Біз бұл мәселе жөнінде естідік, ол баспасөзде көтерілді. Сұрақ дұрыс қойылып отыр. Қазіргі уақытта бұл мәселені қарастыру үшін тиісті жұмыстарды жүргізетін боламыз. Мәселе әлі ашық қалып отыр, комиссияларды кері қайтару шаралары әлі қабылданған жоқ», - деп жауап берді Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А. Терентьев.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылатынын, онда қай санатқа көмек көрсетілетінін айтқан еді.

Қордың Қамқоршылық кеңесі «Қазақстан халқына» қоғамдық әлуметтік қорының төрағасы қызметіне Болат Жәмішевтің кандидатурасын ұсынды және бірауыздан қолдады.



Жоғары қарай