Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық диалог алаңына айналды – қырғыз жазушысы

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 22:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі Бас хатшысының орынбасары, Қырғызстан халық жазушысы Сұлтан Раев Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерін 25 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін әуе рейсінің кешігуіне байланысты Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі Бас хатшысының орынбасары Сұлтан Раев конференцияға қатыса алмады. Конференция барысында әріптестері оның құттықтау сөзін оқып берді.

«Жаппай қоныс аудару, мәжбүрлі иммиграциялар болған Орталық Азия елдері үшін жаңа тарихи кезеңде мемлекеттер мен мемлекеттіліктің құрылуы басты мәселеге айналды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін осы елдердің тәуелсіздікке қол жеткізуі, мемлекет пен қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – этносаралық қатынастардың үйлесімді моделін жасау және халықтың бірлігін дамытудағы негізгі векторларды іздеу болды. 130-дан астам ұлт пен ұлыс тұратын Қазақстанда 25 жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Қысқа уақыт ішінде ол қоғамдық ұйымнан ұлттық саясатты жүзеге асырудың қуатты, серпінді, әлеуметтік және саяси институтына айналды», - дейді Қырғызстан халық жазушысы Сұлтан Раев.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан халқы ассамблеясы – 9 депутаттан, Парламент Мәжілісіндегі Қазақстанның жоғарғы заң шығарушы органындағы өкілдерінен тұратын елдің саяси өміріндегі толыққанды субъект.

«Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бұдан бұрын атап өткендей, Ассамблеяның заманауи үндеулерге жауаптар мен іс-әрекеттерді дамыту үшін үлкен ғылыми, саяси және қоғамдық әлеуеті бар. Қазақстан халқы ассамблеясы бүгінде ұлттық диалог алаңына айналды. Ассамблеяның жетістікке жетуінің басты факторларының бірі – ұлтаралық қатынастар мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі - Ассамблеяның басында Қазақстанның бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың болғаны және солай бола беретіндігі, сонымен қатар Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің дамуына көп еңбек сіңіргендігі болды. Осы конференцияда сөз сөйлеу мен үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Мен барлығына жемісті жұмыс тілеймін, ал Қазақстан халқы ассамблеясы - әлемдегі бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылықты нығайту жолындағы биік мақсатқа жете берсін», - дейді ол.



Фото: egemen.kz

Жоғары қарай