Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан гендерлік даму индексі бойынша 58-орында тұр

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 20:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық комиссия Қарағанды облысында Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы, Қазақстандағы әйелдер футболын дамыту перспективалары және ұлттық комиссияның 2019 жылғы жұмысы қорытындыланып, алдағы жылға арналған міндеттер қаралды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демгорафиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова ұлттық комиссияның және өңірлерде әкімдіктер жанындағы комиссиялардың жұмысына, азаматтардың өмірлік қажеттіліктеріне ден қою, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету қызметіне назар аударуды тапсырды.

Отырыста Қарағанды облысындағы фрилансер мектептерінің оң тәжірибесі атап өтілді. Олар белсенді әйелдерге өзін-өзі дамытуға, сұранысқа ие болуға және экономикалық дербес болуға көмектеседі. Облыс бойынша осындай 5 мектеп ашылып, 96 әйел бизнес жүргізуді үйренген.

Мемлекет басшысының әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту тапсырмасын орындау үшін Ұлттық комиссия тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, отбасылық және гендерлік саясат бөлігінде заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірледі.

Сонымен бірге, Гүлшара Әбдіқалықова биылғы қазан айында Ұлттық комиссияның меморган өкілдерімен бірлесіп, Қазақстанның Женевадағы БҰҰ комитетінде Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережелерін орындау туралы Бесінші кезеңдік баяндамасын қорғады. Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан 2018 жылы «Гендерлік даму деңгейі жоғары елдер» рейтингіне қосылды және гендерлік даму индексі бойынша әлемнің 160 елінің арасында 58-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, келесі жылы Қазақстанда 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жүйесін қалыптастыру туралы Президент тапсырмаларын іске асыру жұмыстары жалғасады.

Отырыс соңында Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам, Демография,
Жоғары қарай