Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан ғаламшардың тұрақты дамуын талқылауға әлемнің үш мың университетін біріктірмек

2015 жылдың 7 сәуір 2015 11:36

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде тұрақты даму мәселесін талқылау үшін Қазақстан G-Global коммуникативті алаңында дүние жүзінің үш мыңнан астам оқу орнын біріктіруге ниетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы үйлестіру кеңесінің тең төрағасы Серік Нөгербеков мәлім етті.

G-Global тұғырнамасында арнайы айдар бар екеніне және оны әр кезеңде Нобель лауреаттары мен халықаралық ірі ұйымдардың жетекшілері жүргізгендігіне тоқталған ол алдағы екі айда бұл айдардағы тұлға ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.Мұтанов болатындығын жеткізді.

«Мұтанов мырза алға жылжытатын тақырып G-Global тұғырнамасында біздің ғаламшардың тұрақты дамуына байланысты. Оның жоспарында аталған тақырыпты талқылауға әлемнің үш мыңға жуық университетін жұмылдыру бар. Атап айтқанда, әлемдегі жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері бұл тақырып бойынша пікір алмасады. Себебі, тұрақты даму G-Global мақсаттарымен толық сәйкес келеді», - деп атап өтті С.Нөгербеков.

Сонымен қатар ол мамырдың аяғында G-Global коммуникативті тұғырнамасында онлайн-режімде халықаралық ірі конференция өткізіліп, онда аталған жұмыстың қорытындылары жасалатынын атап өтті.

Жоғары қарай