Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан G-Global-дың тұрақты ұйымдастыру комитетін құруды ұсынды

2020 жылдың 19 қараша 2020 23:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан G-Global-дың тұрақты ұйымдастыру комитетін құруды ұсынды. Ұсынысты «G-Global. XXI ғасырдағы әлем» Халықаралық конгресінің жалпы отырысында G-Global Халықаралық хатшылығының жетекшісі Серік Нөгербеков енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі күндік жұмыстың нәтижесі бойынша біздің шараларды өткізетін тұрақты ұйымдастырушы комитетін құруды ұсынамын. Менің ойымша, жылына бір рет, дәл осы уақытта күш біріктіріп, G-Global мен біздің әріптестердің платформасын пайдалана отырып, біздің шараны өткізген жөн деп есептеймін. Шара өзін-өзі жақсы көрсетті деген ойдамын, себебі e-forum.net –инновациялық платформа. Ең бастысы, екі күндік талқылаудан кейін мен халық дипломатиясы секілді осындай институттарды құрған дұрыс деген бекем ойға келдім. Дүние жүзінде қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар ұйымы, Азиялық Даму банкі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы секілді мемлекеттік дипломатия жұмыс істеп тұр. Ендігі кезекте... Ең берік құрылым – үштаған. Осы үштағанның үшінші тірегі – қоғамдық дипломатия. Бұл үрдіс қазір қанат жайып келеді», - деді Серік Нөгербеков.

Хатшылықтың жетекшісі бір кезде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің G-Global-ды құру туралы бастамасын БҰҰ Бас ассамблеясы 2012 және 2013 жылы екі рет қолдағанын еске салды. Бүгінгі таңда G-Global халықаралық хатшылығы – БҰҰ Әлеуметтік-экономикалық комиссиясы мен БҰҰ сауда және даму ұйымының бір мезеттегі кеңесшісі болып отырған бірден-бір ұйым. G-Global жобасы мемлекеттік саясат деңгейінде қазіргі уақытта әлемдегі 103 мемлекетке қолдау білдіріп отыр. Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлерінің кеңесі әлемдік қаржылық саясаттардың мәселелерін шешуге арналған абыройлы платформа болуы үшін G-Global ұйымына карт-бланш берген. Сонымен қатар одан басқа да халықаралық ұйымдар G-Global-ды қолдап, оны Азия мен Еуропа арасындағы коммуникациялық платформа ретінде қарастырады.

Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған G-Global ақпараттық-коммуникациялық платформасы әлем халықтарының бірыңғай және тең дәрежелі диалогы арқылы әлемдік бірлестіктердің жұмысының тиімді болуына жайлы жағдай жасайды, әртүрлі зерттеу жүргізеді.


Жоғары қарай