Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан елшісі Тәжікстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

2019 жылдың 31 шілде 2019 17:23

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Душанбе қаласындағы Ұлт сарайында Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаевтың Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті. Бұл жөнінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Рәсім барысында Эмомали Рахмон Қазақстан-Тәжікстан қарым-қатынасының жоғары деңгейін атап өтіп, екі ел арасындағы өзара тиімді, дәстүрлі өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, Тәжікстан Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізіп, жаңа елшіге қазақстандық-тәжік ынтымақтастығын нығайту бағытында сәтті және жемісті жұмыс тіледі.





Өз кезегінде А.Тәжібаев Тәжікстан Президентін екі ел басшыларының мемлекеттер арасындағы ежелгі бауырластық пен достық қатынастарын нығайту және кеңейту жөніндегі міндеттерін орындауда елшілік барлық күш-жігерін жұмсайтынына сендірді.






Жоғары қарай