Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Елшісі Сербияның Сыртқы істер министрімен кездесті

2021 жылдың 24 ақпан 2021 17:49

БЕЛГРАД. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Сыртқы істер министрі Никола Селаковичпен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Отандық дипломат Нұр-Сұлтан мен Белград арасындағы қарым-қатынастардың дәстүрлі достық және сенімді сипатын атап өтті.

Ғ. Сыздықбеков сұхбаттасушысын ү.ж. 10 қаңтарда өткен Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлау туралы, саяси және экономикалық салалардағы реформалардың дәйектілікпен жалғасуы, соның ішінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру барысы туралы хабардар етті.

Елші ағымдағы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толатындығын, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мерекеленетінін атап өтті. Осыған байланысты елшілік бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырғаны жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Тараптар Қазақстан мен Сербия арасында тікелей әуе қатынасын ашу қажеттілігі мәселесін талқылап, осы бағыттағы жұмысты күшейту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Министр Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялағаны үшін Қазақстанға өзінің шынайы алғысын жеткізіп, осы құжатты іс жүзінде жүзеге асыру Сербия мен ЕАЭО мүше мемлекеттер, әсіресе Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.





Басты сөздер: ҚР СІМ, Еуропа,
Жоғары қарай