Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан экспорттаған тауарлар бағасы жеті айда 18,5% төмендеді

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 02:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жеті айда Қазақстаннан экспортталған тауарлардың бағасы 18,5% төмен болды. Импорттық тауарлар керісінше, 1,5% қымбат келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен мәлім еткендей, аталған кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы мұнайға – 30,7%, мырышқа – 10,3%, қорғасынға – 9,2%, қара металл илегіне 8,7% төмендеді.

Ал темір кендеріне – 26,8%, ферроқорытпаларға – 12,9%, мысқа 5,8% жоғарылады. Сондай-ақ баға бидайға – 17,3%, арпаға 9% көтерілген.

Импортталатын өнімдерден темекі – 36,1%, күріш – 19,9%, балық – 13,1%, өсімдік майы – 11,2%, какао – 10,5%, құс еті – 10,2%, маргарин 4,5% қымбаттады. Сондай-ақ фармацевтикалық өнімдерге – 7,6%, аяқ киімге – 5,2%, машиналар, жабдықтар және көлiк құралдарына 1,8% көтерілді.

Жемістер мен жаңғақтар – 21,4%, қант – 10,4%, көкөністер – 8%, шұжық өнімдері 5,6% арзандады. Сонымен қатар сүрекке – 3,1%, құрылыс материалдарына 0,9% төмендеді.


Жоғары қарай