Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан ДСҰ-да қызмет көрсету саласын ішкі реттеу келіссөзінің аяқталуын қолдады

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 09:38

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Әлемдік сауданың 90 пайызын құрайтын Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше 67 ел қызмет көрсету саласындағы ішкі реттеу жөніндегі жаңа қағидаларды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл оқиға - ұйым үшін тарихи маңызды, себебі жаңа қағидалардың қабылдануы ДСҰ-ның соңғы 20 жылдағы қызмет көрсету саласындағы маңызды жетістігін білдіреді.

ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала өзінің кіріспе сөзінде ДСҰ келіссөздеріне қатысушы елдерге әлемдік сауданың серпінді және тез дамып келе жатқан сегментінің мүдделеріне жауап беретін қызмет көрсету саласындағы нәтижеге қол жеткізгені үшін алғыс айтты. ДСҰ мен ЭЫДҰ зерттеулеріне сәйкес, осы Қағидаларды іске асыру қызмет көрсететін компанияларға жыл сайын 150 миллиард АҚШ доллар көлемінде пайда әкеледі.

Қазақстанның Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова өз сөзінде Қазақстанның ЖІӨ қызмет көрсету секторының үлесі 56% құрайтынын, сондықтан бұл сектор әртараптандыру және экономиканы пандемиядан кейінгі қалпына келтіру үшін маңызды екенін атап өтті.

ҚР Тұрақты өкілі Ж.Айтжанова сондай-ақ ДСҰ-ның осы қағидалары әйелдердің қызмет көрсету саласындағы экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Осыған байланысты отырысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан әйелдерге әлеуметтік және экономикалық қолдауды нығайту жөніндегі реформалары туралы хабардар етті.

Осы реформаларды іске асыру аясында Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес әйелдер үшін тыйым салынған кәсіптер тізбесін алып тастау көзделеді.

ДСҰ-ның жаңа Қағидалары Қазақстанның ДСҰ-ға кіру кезінде қабылдаған міндеттемелеріне сәйкес келетінін, олар лицензиялаудың транспаренттілігін қамтамасыз етуге, рұқсат беру рәсімдері мен қызмет көрсету саласындағы талаптарды жеңілдетуге бағытталғанын атап өткен жөн.

ҚР ДСҰ-ға кірген сәттен бастап Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 30%-ы қызметтердің негізгі секторларын дамытуға бағытталған.

Қызметтер көрсетудің қосылған құнының әлемдік ЖІӨ-ге қосқан үлесі 60%-ды құрайды және қызмет көрсету саласы бүкіл әлемде жұмыспен қамтудың 50%-дан астамын қамтамасыз етеді.

2018 жылдан бастап Қазақстан ДСҰ-ның қызметтер нарығына қол жеткізу бойынша жаһандық келіссөздерін басқарады.


Жоғары қарай