Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қазақстан «Doing Business» рейтингінде Жапония мен Швейцарияны басып озды

2019 жылдың 28 қазан 2019 17:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан «Doing Business» рейтингінде Жапония мен Швейцарияны басып озды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мәдиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнесті жақсарту бағытындағы жұмыстар халықаралық баға алып, Қазақстан «Doing Business» рейтингінде әлемнің 190 экономикасының ішінде 25-орынға тұрақтады. Қазақстан 100 баллдың 79,6 балын алып отыр. Алдымыздағы Германияның баллы - 79,7. Еліміз Австрия, Жапония, Испания, Франция, Швейцария және ТМД елдерін басып озды«, - деді ол.

Оның дерегінше, Канада мен Ирландия да Қазақстан сияқты 79,6 балл жинаған. Олар аталған рейтингте 23 және 24-орында тұр.

»Нұр Отан« партиясының XVII съезінде 2021 жылға қарай «Doing Business» рейтингінде ТОП-25 елдің қатарына қосылу міндеті жүктелген болатын. Ал біз 2019 жылы бұл міндетті орындадық«, - деді Жасұлан Мәдиев.

Жоғары қарай