Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан дипломаттары Ресей әуежайында отандастарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлады

2020 жылдың 22 наурыз 2020 21:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Мәскеу әуежайларында Вьетнам, Доминикан Республикасы, Таиланд, Куба, Шри-Ланка елдерінен ұшып келген 156 қазақстандық азамат жиналып қалды.

Бұл жайында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемді жайлаған коронавирус індетіне байланысты Ресейдің барлық әуежайларында шетелдік жолаушылар үшін ұшып келу және ұшып кетуде қиындық туындап отыр. Олардың қатарында өзге елдерден Ресей арқылы Қазақстанға оралмақ болған Қазақстан азаматтары бар.

Осы уақытқа дейін қазақстандық дипломаттардың жәрдемімен 105 азамат туған жеріне оралды. Дегенмен, Ресей әуежайларына келіп жатқан қазақстандықтар әлі де бар. Айталық, 30 наурызға дейін ресейлік әуежайларға шамамен 500 қазақстандық жолаушы келетіндігі күтіледі.

«Дегенмен, мұндай қиын-қыстау сәттерге қарамастан көңіл көтеруге де мүмкіндік табылады. Мәскеу әуежайларында күні-түні кезекшілік етіп жүрген Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қызметкерлері отандастарын ыстық тамақпен және сумен ғана қамтамасыз етіп қоймай, олар үшін шағын ғана Наурыз мерекесін ұйымдастырып берді», - деп атап өтеді Елшіліктен.


Жоғары қарай