Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Бокс федерациясының жаңа директоры тағайындалды

2021 жылдың 19 сәуір 2021 10:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымына Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

ҚБФ баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы 11 жыл бойы осы лауазымды атқарып келген Бекжан Бектенов федерацияның халықаралық істер жөніндегі вице-президенті болып тағайындалған.

Тәжірибелі спорт менеджері Маратбек Мықтыбеков Дзюдо федерациясының президенті, президент міндетін атқарушы, Алматы бокс федерациясының атқарушы директоры және Азия бокс конфедерациясының кеңесшісі сынды лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған. Ол жасөспірімдер санатында самбодан әлем чемпионы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының, студенттер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері болған. Халықаралық санаттағы спорт шебері атағы бар.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай