Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Қазақстан азаматы Германияда коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінді

2020 жылдың 13 наурыз 2020 17:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германияда Қазақстан азаматы коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген күдікке ілінді, Оның отбасы карантинге жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Германиядағы Қазақстан Елшілігіндегі дипломаттарымыздың біріне ата-анасының қонаққа барғанын растаймыз. Олар Еуропада жеке сапармен жүрген. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесінен коронавирус жұқтыру белгілері байқалып, ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсарып, жеке палатадан жалпы палатаға ауыстырылды. Оның әйелі мен ұлы неміс дәрігерлерінің бақылауында карантинге жатқызылды.

Бұған дейін, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті.

Сондай-ақ, коронавирус жұқтырған үшінші адам елордада тіркелді. Науқас Милан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына 12 наурыз күні келген.


Жоғары қарай