Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан аумағында 11 есірткі зертханасы жойылды

2022 жылдың 16 мамыр 2022 11:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде мыңға жуық есірткі қылмысының беті ашылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 4 айда 918 есіртікі қылмысы анықталды. Оның ішінде 636-сы есірткіні саудалау және 176-сы есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі. Нұр-Сұлтан қаласы және Атырау облысында каннабис тобындағы есіртікілерді жеткізумен және сатумен айналысқан, екі ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді», - А. Мұхаметқалиев онлайн брифинг барысында.

Оның айтуынша, 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді, соның арасында 1 тонна 137 келі марихуана, 285 келі гашиш және 61 келі синтетикалық есірткі бар.

«Нұр-Сұлтан (3), Алматы (1) қалаларында, Ақтөбе (2), Алматы (1), Шығыс Қазақстан (2), Жамбыл (1) және Қарағанды (1) облыстарында 11 есірткі зертханасы жойылды. Есірткі өндірісіне қатысы бар деген күдікпен 15 адам ұсталды. 56 келі есірткі және 165 литр прекурсор тәркіленді», - деді департамент өкілі.

Сонымен қатар ол еліміздің жолдарында есірткіге масайған күйінде көлік басқарған 423 жүргізуші ұсталғанын айтты.


Жоғары қарай