Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан әуе компанияларының табысы 1,5 есе азайды

2020 жылдың 6 тамыз 2020 14:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан әуе компанияларының табысы 1,5 есе азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еnergyprom.kz мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-маусымында еліміздің әуе компаниялары 2,3 млн жолаушы тасымалдады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 35,8 пайызға аз. Ал маусым айында әуе компаниялары 480,6 мың жолаушыға қызмет көрсетті және карантин күшейіп тұрған мамыр айына қарағанда жолаушылар ағыны 2,9 есеге артты.

2020 жылдың 1-жартыжылдығында жолаушылар ағыны 3,8 млрд жолаушы-шақырым болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,9 есе кем. Дегенмен, маусымда мамырға қарағанда жолаушылар ағыны 2 еседен астамға артып, 476,3 млн жолаушы-шақырымға жетті.

Осы жылдың қаңтар-маусымында әуе компаниялары 9,6 мың тонна жүк пен қол жүгін тасымалдады. Дегенмен, бұл да бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21,9 пайыз аз болып отыр. Маусымда мамырға қарағанда жүк тасымалының көлемі 12,5 пайызға артып, 1,8 мың тонна болды.

Әуе компанияларының жарты жылдың ішіндегі кірісі 99,2 млрд теңгеге жетті. Алайда өткен жылы компаниялар мұнан 1,5 есе, яғни 170,1 млрд теңге табыс тапқан болатын. Маусымда әуе компанияларының кірісі 18,2 млрд теңгеге жетіп, мамырмен салыстырғанда 2 есе өсім көрсетті.

Жалпы әуе компанияларының негізгі табысын жолаушылар тасымалы құрайды. Бұл көрсеткіш жарты жылда 95,1 млрд теңгені құрады. Ал қалған 4,1 млрд теңге жүк пен қол жүгін тасымалдаудан түскен.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Экономика, Көлік,
Жоғары қарай