Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан астанасы тың жердің маржанына айналды – Станислав Зась

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 21:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась «Нұрсұлтан Назарбаев: Жаһандық ауқымдағы саясаткер» атты халықаралық конференцияда Қазақстанның және Елбасының аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздердің елдеріңіз бүгінде Орталық Азияда көш бастап тұр, осы аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Республика көптеген сәтті реформалардың үлгісі ретінде танылды. Елде әлеуметтік келісім, тарихи және мәдени дәстүрлер сақталуда. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 30 жылдық көшбасшылығы бойына Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 6 еседен жоғары өсті. Азаматтардың әл-ауқаты да жақсарды. Осының бәрі Қазақстан халқынының жетістігі және көбіне ол елдеріңіздің Тұңғыш Президентінің еңбегі»,– деді Станислав Зась.

Сонымен қатар, ол Нұр-Сұлтан қаласы өмір сүруге қолайлы шаһар екенін тілге тиек етті.

« Мен Қазақстаның астанасында бірнеше рет болдым. Бүгінде бұл қазақстандықтар өмір сүруге ұмтылатын өте әдемі, заманауи, жайлы, жылдам өсіп келе жатқан мегаполис. 1994 жылы осы сайын даладағы орасан күрделі құрылыстың сәтті болашағына көп адам сене қойған жоқ. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының астанасы тың жердің маржанына айналды, және бұл маржанның атын қазақстандықтар – Нұр-Сұлтан деп бекер қоймаған. Көзі көргендердің, осы жерде тұрғылықты тұрғындарының айтуынша, кей кезде қыс аязы 50 градусқа дейін жететін бұл байтақ дала қазірде әлдеқайда жылына түскен», - деді С. Зась.

Ұйым басшысы қауіпсіздік жүйесіндегі өзгерістерге жеке тоқталды.

«Бүгінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің арқасында, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Еуразия кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін халықаралық, көпфункционалды, аймақтық саяси құрылым ретінде қалыптасты. Оның саяси беделі ұйымның даму ісіне бұдан былай да қызмет ететініне сенімдімін», - деді Станислав Зась.

Жоғары қарай