Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан әскері «Мызғымас бауырластық-2021» оқу-жаттығуларына қатысады

2021 жылдың 8 қараша 2021 07:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ Бітімгершілік күштерімен оқу-жаттығуларға қатысу үшін Ресей Федерациясына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығудың ашылуы рәсімі бүгін, 8 қарашада Қазандағы Жуков Қызыл ту ордені жоғары командалық танк училищесінің полигонында өтеді. Оқу-жаттығудың негізгі міндеті – бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларды жүргізуде ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрамына кіретін әскери бөлімдер мен бөлімшелердің үйлесімділігін арттыру.

ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің топтары алдында бітімгершілік операцияны дайындау және жүргізу бойынша тапсырмаларды пысықтау міндеті тұр. Бітімгерлердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларына босқындар лагерінде жұмыс істеу, гуманитарлық жүгі бар лектерді алып жүру, дағдарыс ауданында орналасқан елді мекенді оқшаулау және тосқауыл бекеттерінде қызмет ұйымдастыру кіреді.

Оқу-жаттығудың қорытынды бөлігінде Ұжымдық күштердің топтары жауынгерлік бөлімшелермен «содырлар» орналасқан ғимаратқа шабуыл жасайды, «кепілге алынған адамдарды» босатады және зардап шеккендерге көмек көрсетеді.

Оқу-жаттығуға бақылаушы ретінде Сербия Республикасы мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері шақырылды.


Жоғары қарай