Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Ахмет Яссауи стипендиясы бойынша өзбек студенттерін Түркістандағы университетке қабылдауға дайын

2021 жылдың 6 желтоқсан 2021 17:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біз өзбек студенттерін Қазақстанның жоғары оқу орындарына шақыруымыз керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз өзбек студенттерін Қазақстанның жоғары оқу орындарына шақыруымыз керек. Бұл үшін арнайы Ахмет Яссауи атындағы стипендиялар мен гранттар бөлінген. Өзбек студенттері Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға қызығушылық танытады деп ойлаймын. Тиісінше, қазақстандық студенттердің де Өзбекстанға барып білім алуына болады. Қазақтың көрнекті зиялы қауым өкілдерінің кезінде Ташкентте білім алғаны тарихтан белгілі екенін құрметті Шавкат Миромоновичке жаңа ғана айттым. Бәлкім, осы игі дәстүрді қайта жаңғырту керек шығар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай