Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚазАқпараттың шеф-редакторлары «Халық алғысы» медалімен марапатталды

2020 жылдың 2 қазан 2020 08:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА шеф-редакторлары Бақытжан Ербасов пен Жанар Смаилова «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталды.

Айта кетсек, «Халық алғысы» медалі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен коронавирус инфекциясымен күресте көзге түскен азаматтарға беріледі.

Медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне ҚР Парламенті палаталары, ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер береді.











Жоғары қарай