Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚазАқпараттың дәстүрі заман талабына сай жаңғырып, жаңарып отырады - Дәурен Абаев

2020 жылдың 13 тамыз 2020 18:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Сіздерді агенттіктің жүз жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Ғасырлық тарихы бар «ҚазАқпарат» – халықаралық дәрежеге ие болған отандық алғашқы ақпарат агенттігі. Қазақстандағы және дүние жүзіндегі жаңалықтарды бұқараға дер кезінде жеткізіп, сенімді мәліметпен қамтамасыз ету – агенттіктің айнымас қағидасы. Еліміздің медиа кеңістігінде өзіндік орны бар ұжымның дәстүрі заман талабына сай жаңғырып, жаңарып отырады», - деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, құттықтауда ҚазАқпарат» журналистері ақпарат майданының үнемі алдыңғы шебінен табылып келе жатқаны айтылады.

«ҚазАқпарат» журналистері ақпарат майданының үнемі алдыңғы шебінен табылып, мемлекеттік мүдде мен кәсіби шеберлікті ұтымды ұштастырып келеді. Алдағы уақытта да жағымды жаңалықтың жаршысы бола беретіндеріңізге сенімім мол. Сіздерге зор шығармашылық табыс тілеймін! Қаламдарыңыз ұшқыр, еңбектеріңіз жемісті болсын!», - деді Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.


Басты сөздер: БАҚ, Қоғам, ҚазАқпаратқа 100 жыл,
Жоғары қарай