Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚазАқпарат тілшісінің полиция туралы фотосуреттері Таразды көркейтпек

2016 жылдың 21 қазан 2016 20:50

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық ІІД «Полиция қоғам көзімен» атты кәсіби және әуесқой суреттер байқауының қорытындылады. Аталған байқауды өткізу бастамасын «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ұсынған.

7 қазанда Тараз көрме залында ашылған экспозицияда барлығы жүзге жуық еңбек қойылды.

Бүгін Жамбыл облыстық ІІД акт залында байқаудың жабылуы мен фотобайқау жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған фотобайқау облыс тұрғындары полицейлердің жұмыстарын жақсы білетінін көрсетті» , - деді Жамбыл облыстық ІІД басшысының орынбасары Ержан Егембердиев.

Жамбыл облыстық ІІД басшысының орынбасары қазылар алқасы жұмыстардың көркемдік деңгейі, идея ерекшелігі, мазмұны, орындау техникасы мен сапасына қарай бағалағанын айтты.

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Галина Скрипниктің еңбектері жоғары бағаланып, ол 1-ші дәрежелі диплом мен сыйақыға ие болды. Облыстық «Знамя труда» газетінің фототілшісі Виктор Барбаш екінші және облыстық «Ақ жол» газетінің фототілшісі Ағаділ Рысмахан үшінші орынға ие болды. Оларға да сыйақы берілді.

Жамбыл облыстық ІІД аталған байқауды өткізуді игі дәстүрге айналдыруға ниетті.




null


null


null


null


null


null


null


null


null

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай