Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«ҚазАқпарат» қызметкерлері көшет отырғызды: Әр порталдың өз ағашы бар

2021 жылдың 21 мамыр 2021 12:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімдігімен бірлесіп, астанадағы Желілік паркте (Әбу Даби плаза кешені мен Ботаника бағы арасында) ағаш отырғызды.

«Қаламыздың әрбір тұрғыны елорданы көркейтуге ат салысса дейміз! Соның ішінде Сіздермен осы ағаш отырғызу акциясына қатысқаныма ризамын. Көтеріп отырған бастамаларыңыз құтты болсын! Бұл желілік парк алдағы айда Әбу Даби кешені мен Ботаника бағын жалғайтын болады. Тұрғындар мен қала қонақтарының демалысына жайлы болуы үшін көп үлес қоса берейік», - дейді Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов.







Айта кетерлігі, «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ қызметкерлері отырғызған бұл ағаштар компанияның кеңсесіне жақын маңдағы саябақта. Сондықтан да «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Умаров қызметкерлеріміз бос уақытта демалғанда, осы парктен ары-бері өткенде, өздері отырғызған ағашқа қарайлап жүрсін деген тілек білдірді. «Бұл ағаштарға ғана емес, осы парктің тазалығына, әдемілігіне баршамыз жауапты болайық. Осындай мүмкіндік бергені үшін әкімдікке алғыс айтамыз. Елордамыз, еліміз де көркейе берсін», - деді Басқарма Төрағасы.




Айта кетейік, акционерлік қоғамда 9 портал бар. Ендігі күні «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ құрамындағы әрбір порталдың атап айтқанда, inform.kz, baigenews.kz, baq.kz, strategy2050.kz, adebiportal.kz, e-history.kz, primeminister.kz, el.kz, kaztube.kz видео порталдарының астанада өз атаулы ағашы бар деген сөз.




Әкімдік мәліметіне сәйкес, Әбу Даби плаза кешенінен басталатын Желілік парк биыл Ботаникалық бақпен қосылады. Сондықтан да «ҚазАқпарат» ХАА қызметкерлері отырғызған ағаш көшеттері алдағы уақытта азаматтар жиі келетін, демалысқа ыңғайлы орынға
айналатыны сөзсіз.




















Жоғары қарай