Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақ зиялылары «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

2022 жылдың 25 ақпан 2022 16:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы Қаламгерлер аллеясында орналасқан «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Осы салтанатты рәсім Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналып ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратт тілшісі.

Бұл рәсімге ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов қатысты.

Айта кетейік, аллея маңында шағын кітапхана орналасқан, онда А. Байтұрсынұлының еңбектері және басқа да қазақ жазушыларының шығармалы көпшілік назарына ұсынылды.

«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай бірқатар іс-шараларды жоспарлады. Бұл ретте көрмелер, конференциялар, мектеп оқушылары арасында шығарма жазу ескерілген. Бүгін «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүлшоқтарын қою рәсіміне қатыстық. Сонымен қатар қазақ зиялы қауымы еңбектерінің көрмесін де ұйымдастырдық. Біздің кітапхана өткен жылы ашылған еді. Жалпы бізде қала бойынша 18 кітапхана қамтылған. Бүгінгі көрмеде түрлі кітапханадан жеткізілген шығармалар мен кітаптарды көруге болады», - деді




Нұр-Сұлтан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мәдибаева

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды.

«Халқымыз өзінің тарихында ерекше орыны бар екі тұлғаны «Ұлт ұстазы» деп ардақтаған. Алдымен, әрине, ұлы Абайды айтамыз. Одан кейін Ахмет Байтұрсынұлының есімі аталады. Алаш көсемі, қазақтың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Бұл мерейтойды ЮНЕСКО деңгейінде атап өтеміз. Тәуелсіздік ұлтымыздың жадын жаңғыртып, тарихи тамырымыздан қайтадан нәр алуымызға жол ашты. Бұл ретте ұлт ұстазының еңбегін зерделеп, оны мол мұрасын ұрпақ санасына сіңіру баршамызға ортақ міндет», - деді Мемлекеттік хатшы Е. Қарин.






























Жоғары қарай