Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттердің қоры мыңға жетуі керек - Шерубай Құрманбайұлы

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттердің қоры мыңға жетуі керек. Бұл туралы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: прагматизм мен сананың ашықтығына апарар жол» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Озық білім бергісі келетін университеттер ғылыми мазмұнның, ғылыми контенттің, ғылыми әдебиеттің, ғылыми оқулықтың болуына мүдделі. Егер ұлт тілінде ғылыми әдебиет қоры қалыптасатын болса - қазақ тілінің ғылым саласындағы қолданысы кеңейеді», - дейді Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Шерубай Құрманбайұлы.

Оның айтуынша, ғылыми әдебиетті шет тілінен аударудың маңызы өте жоғары.

«Қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттердің қоры 100 ғана кітаппен шектелмеуі керек. Болашақта оның саны жүздеген, мыңдаған кітап болуы керек, сонда ғана қазақ тілді кез келген оқырман, кез келген тұтынушы медицина, химия, биология, өнер, кино саласына қатысты білімді өз ана тілінде алуға мүмкіндік туады», - дейді ол.

Фото: qazaqadebieti.kz
Жоғары қарай