Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақ тілі туралы арнайы жоба әзірлеу керек - Максим Споткай

2020 жылдың 22 қазан 2020 11:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің саяси реформалар жөніндегі тобының мүшесі Маским Споткай өзге елдердің ұлттық жобаларын қайталамау туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзге елдердің ұлттық жобаларын қайталаудан бас тартуымыз керек. Еліміздің ерекшеліктері ескерілмей жасалған шетелдік тәжірибелер әрдайым сәтсіз болады. Сондықтан жобалар «жабық есік» жағдайында дайындалмауы тиіс. Қазақта «келісіп пішкен тон келте болмас» деген сөз бар. Сондықтан мұндай жұмыстарға тәуелсіз сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, әсіресе жастардың араласқаны жөн», - деді Маским Споткай.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесінің айтуынша ұлттық жобалар экономика және инфрақұрылым бойынша, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, жастарды қолдау, Рухани жаңғыру, ұлттық бірлік, ағарту салаларын қамтуы тиіс.

«Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Қазақ тілі – этносаралық қарым-қатынас тілі» деген идеясын дамыту үшін арнайы жоба әзірлеу маңызды деп санаймыз», - деді ол.


Жоғары қарай