Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

«Қазақ Моцарты» Италияда жаңа шығармасын таныстырды

2019 жылдың 28 қазан 2019 19:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияда қазақстандық жас композитор Рахат-Би Әбдісағиннің жаңа шығармасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Италияның Милан қаласында Рахат-Би Абдысағинның «Сезілмейтін жұлдыздар серенадасы» туындысының әлемдік тұсаукесері өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін 20 жастағы Рахат-Би Әбдісағин Италиядағы Санта Чечилия академиясының докторантурасын бітірген еді.

Сонымен бірге, Р. Әбдісағин – Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы. Ол 10 жасынан бері ән жазумен шұғылданады. Оның туындылары Италия, Аустрия, Франция, Англия, Германия, Швейцария, Испания, Чехия, Түркия, Қытай, АҚШ елдерінде қойылған.

Рахат-Би бірқатар ғылыми мақалалар мен кітаптар шығарған, 14 жасында «Математика және заманауи музыка» еңбегін жазған. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян және испан тілдерін меңгерген.







Жоғары қарай