Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақ әйелдерінің ішінде Маргарет Тэтчер, Индира Гандиден кем түспейтін тұлғалар бар – ҚКХП өкілі

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 19:40

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан коммунистік халық партиясының Маңғыстау облысындағы бөлімшесі гендерлік теңдік тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Ойжарысқа көшбасшы әйелдер мектебінің өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пікірталасқа қатысушыларының айтуынша, Маңғыстауда мемлекеттік ұйымдардың 20 процентін әйелдер басқарады. Көрсеткіш өзге өңірлермен салыстырғанда жоғары. Алайда, тұрғындардың 52 пайызын нәзік жандылар құрайтын аймақ үшін бұл әлі де жеткіліксіз, дейді коммунистік партия өкілдері.

«Әйелдердің мемлекет ісіне араласуына қолдау көрсетілсе, қазақ әйелдерінің ішінен де Маргарет Тэтчер, Индира Ганди, Беназир Бхуттодан кем түспейтін тұлғалар шығады», - деп атап өтті ҚКХП Маңғыстау облыстық филиалының бірінші хатшысы Роза Махамбетова.

Оның сөзіне қарағанда, «әйелдердің барлығына бірдей құқық беріп, бәрін билік ісіне араластырсақ, ол бізге қандай табыс әкеледі» деп ойлайтын ер азаматтар да кездеседі.

«Әрине, қоғамда әйелдердің гендерлік теңдік мәселесін әртүрлі түсінетін көзқарастар, тіпті қайшылықтар бар»,- деді Роза Махамбетова.





Жоғары қарай